Сот-прокурорлық қызмет

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

"Сот-прокурорлық қызмет" білім беру бағдарламасы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот немесе соттан тыс қорғаудың ерекшеліктеріне, соттарда істердің жекеленген санаттарын қарастыру сипатына арналған Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен прокуратура органдарының қызмет ету ерекшеліктерін ашатын көптеген пәндер кешенін тереңдетіп оқытуды көздейді. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен прокуратура органдарындарында және осы бағытта қызмет ететін басқа органдардағы қызметтің ерекшеліктерін меңгерумен байланысты. Бітіруші сот жүйесі мен прокуратура органдарының кез келген қызметінде сұранысқа ие кең ауқымдағы маман болып табылады, онда мемлекет пен құқық негіздері туралы білімдер қажет етіледі және қылмыстық құқық және процесс, азаматтық құқық және процесс, сот билігі, криминалистика, қылмыснама, қылмыстық атқару құқығы және т.б. пәндер оқытылады. Бағдарламаның ерекшелігі келесіде: - білім алушының сот-прокурорлық қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілерді дұрыс талқылап қолдана білуі; заңнамаларда болып жатқан жаңалықтарды меңгеруі. - студенттердің сот құрылысы мен прокурорлық қадағалау аясында жүйеленген білімдер, ептіліктер мен құзреттер алуы. - соттар мен прокуратура қызметімен байланысты ерекшеліктерді ескеріп құқық саласындағы пәндер циклінің құзіреттіліктерін алып, сот ісін жүргізу мен прокурорлық қадағалау және т.б. аясындағы жүйеленген білімді, дағдыны және ептілікті студенттердің алуы

Сот-прокурорлық қызмет

6B04207

Заң

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық

50 (Каз.) 50 (Орыс.)