біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

6В04101 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы «Бизнес және басқару» дайындау бағыты бойынша бітірушіге қажетті негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға жаңа тәсілдемені ұсынады. Білім беру бағдарламасы зерттеу, ұйымдастыру-басқару, есептік-жобалау, экономикалық, талдамалық, кеңес берушілік жұмыстарын орындауды дайындауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: құзыреттілік тәсілдемеге және көптілділікке негізделген білім беруді жүзеге асыру, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; білім алушыларда жалпы мәдени және тұлғалық қасиеттерін, бітірушіге қаржы саласында және экономиканың нақты секторында, мемлекеттік және жеке қаржы саласында табысты жұмыс істеуге, еңбек нарығында әлеуметтік-ұтқыр және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін жаңа формациядағы экономист-қаржыгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
- кәсіби саладағы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын игеру;
- өзін-өзі дамыту әлеуеті бар және экономиканың өзгермелі жағдайларына тез бейімделетін құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу;
- экономика және қаржы саласында толыққанды, сапалы білім, кәсіби құзыреттілікті алу;
- жоғары жалпы зияткерлік даму деңгейін меңгеру, сауатты және дамыған сөйлеу мәнерін, гуманитарлық мәдениетті, жоғары адамгершілік, этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын меңгеру;
- мамандық бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін еңбек нарығындағы түлектердің бәсекеге қабілеттілігі;
- еңбек және оқу процесін өз бетінше бақылау мақсатында білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылық меңгерудің қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Қаржы

6B04101

Заң

География

Математика

50 (Каз.) 50 (Орыс.)