Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау аясында бәсекелестікке қабілетті және жоғары білікті мамандарды дайындауды; тұрғындарға, өндірістік кәсіпорындарға, мемлекеттік құрылымдарға эколог-мамандармен сапалы қызмет көрсетуін, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметінде құзырлы қызметкерлер дайындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның міндеті Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының сапасын жақсартуға бағытталған, экологизациялау аясындағы мамандар арасында халықаралық ынтымақтастықты белгілеу болып табылады. Білім беру бағдарламасы табиғатқа көмек көрсету, табиғи ресурстарды қалпына келтіру және экологиялық тәуекелділіктің алдын алу мақсаты болып табылатын жаңа технологияларды енгізу сияқты мәселелерді зерделеп меңгеруге бағытталған. Сондай-ақ бағдарламаның негізі табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану есебінен қоғамның, мемлекеттің әл-ауқатын сақтау бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету болып табылады. Аталған бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады: экологиялық кәсіпкерлік, жер қойнауын ұтымды пайдалану, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару, табиғатты пайдалануды нормалау мен стандарттау институтын зерделеу. Бұл бағдарламаны бакалаврлардың меңгеруі тұрғындардың тұрмыс сапасының деңгейін жоғарылату үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау сияқты мемлекеттің маңызды да және негізгі міндеттерін шешуге жағдай жасайды.

Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен

6В04205

Заң

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық

50 (Каз.) 50 (Орыс.)