біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Білім беру бағдарламасы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу процесін қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға бағытталған жаңа буын маманына арналған оқытуды қамтамасыз етеді. Сандық криминалистика әдістерін дамыту қажеттілігі ақпараттық технологиялардың күнделікті өмірде кеңінен таралуына байланысты. Криминалист-сарапшылар мен тергеушілердің алдында тұрған міндеттер үнемі күрделеніп отырады және кәсіби дағдылар мен құралдарды жетілдіруді талап етеді. Білім беру бағдарламасының аясында тергеу процесін криминалистикалық модельдеу және цифрландыру аспектісіндегі құқықтық және басқа да тәжірибелік жағынан күрделі техникалық міндеттерді шешу бойынша сарапшылар, сарапшылық-кеңес беру, техникалық-криминалистік, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, алдын алу салаларында дайындық жүргізіледі. Білім беру бағдарламасы цифрлық крминалистика әдістерін қолданумен құқық бұзушылықты ашу және тергеу процесін қамтамасыз ету үшін заң шығару, құқық қолдану, құқық қорғау қызметі саласындағы жоғары білім деңгейі мен құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін тереңдетілген сапалы оқытуды қамтамасыз етеді.

IT-заңгер

6В04210

Заң

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық

50 (Каз.) 50 (Орыс.)