біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Жалпы құзырет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құқықтық саясатымен белгіленген үрдістер негізінде ұлттық құқықтың ерекшеліктерін, оның қалыптасу кезеңдерін және одан әрі даму мен жетілдіру перспективаларын зерделеуге бағытталған. Жаһандану жағдайындағы ұлттық құқық салаларының қазіргі жай-күйін зерттеу ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби заң қызметіне қажетті практикалық пәндерді оқыту, мемлекеттік құқықтық саясаттың негізгі бағыттарында,халықаралық және ұлттық заңнаманың қазіргі даму үрдістерінде құзыретті болу, ұлттық заңнаманы жетілдіру ерекшеліктерінің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеу қабілеті, құқықтық қатынастардың нақты салаларында ұлттық және шетелдік құқықтың коллизияларын шешу үшін, заң қызметінің нақты салаларында нормативтік құқықтық актілерді білікті қолдану қабілеті, кәсіби қызметте материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын іске асыру үшін ұлттық заңнаманың нормаларын қолдану. Жеке ғылыми диссертациялық жобаны әзірлеу және іске асыру, магистрлердің ұлттық сот инстанцияларындағы адам құқықтарын қорғау қабілеті,ұлттық заңнама нормаларын білу және оларды ұлттық соттарда және басқа да құқық қолдану органдарында адам құқықтарын қорғау үшін пайдалану қабілеті.

Құқықтану

7M04201

Заң