біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Білім беру бағдарламасы зияткерлік меншік және ғаламтор-технологиялары аясындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға бағытталған жаңа буындағы заңгерлерді; төрелік, сот, медиаторлық тәжірибе мамандарын, сандық құқық аясындағы кәсіби заңгерлерді, адвокаттарды, нотариустарды және заңи кеңесшілерді, құқық қорғау органдарының мамандарын, халықаралық құқық аясындағы кәсіби мамандарды, сондай-ақ заманауи ақпараттық-технологияларды меңгерген заңгерлерді дайындауды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның негізін кәзіргі заманғы қоғамды модернизациялау мен жаһандану жағдайында іргелі құқықтық пәндерді студенттермен меңгеруі құрайды. Бағдарлама азаматтық, халықаралық, қылмыстық, банкілік, еңбек құқығын, зияткерлік меншік құқығын, сақтандыру құқығын, әкімшілік құқықты және сотөндірісін, сондай-ақ олармен тығыз байланысты ақпараттық және коммунмкациялық технологияларды пайдалану бойынша институттарды терең зерделеуді болжамдайды. Бағдарламаның оқу мазмұны халықаралық және ұлттық құқық аясындағы орын алатын барлық өзекті және кәзіргі заманғы мәселелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы аясында заңгердің қызметінің ерекшеліктерін меңгеруді ғана емес, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологиялар аясында заманауи заңи білім алуға мүмкіндік беретін модульдер жасалған

Құқықтану

6B04201

Заң

Дүниежүзі тарихы

Адам.Қоғам.Құқық

50 (Каз.) 50 (Орыс.)